15.02.2024
18:00
1360
Павлодарда өрттен бір адам қайтыс болды

Павлодарда өрттен бір адам қайтыс болды

Павлодарда жеке үйде болған өрттен бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 15 ақпанда сағат 12:48-де Павлодар қаласындағы қараусыз қалған жеке үйде өрт шыққаны туралы шақыру түскен.

15 шаршы метр аумақта шатыр ішінара құлады. Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метр, - делінген мәліметте.

Өрт орнында адамның денесі табылды. Өрттің себебі анықталуда. Өрт 14:44-те жойылды. Өрт орнында жеке құрамның 16 адамы және 4 техникасы жұмыс істеді.