Павлодарда оқушы сыныптасы мен мұғалімін пышақтады

13 Мамыр, 16:00 8525

Павлодардағы мектептердің бірінде қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жасөспірім мектепке пышақпен келіп, оқушы мен мұғалімге шабуыл жасаған. Полиция бұл жайтқа байланысты мәлімдеме жасады.

Полиция сыныптасы мен мұғалімді пышақтаған мектеп оқушысын ұстады. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр, - делінген Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Өзге ақпарат жария етілген жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: