Павлодарда мүгедек жандарға 133 млн теңгеге сапасыз ноутбук алынған

12 Сәуір, 15:34 621

ҚМА «Қамқор» жедел алдын алу шара аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға жеткізілген өнімдердің құнын негізсіз асыра бағалау фактілері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары және «Арт-Class» ЖШС атқарушы директорына қатысты бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Басқарма мемелекеттік сатып алу негізінде  «Арт-Class» ЖШС  және «Аюм и Д»  ЖШС-мен мүгедектерге ноутбук, ұялы телефондарды зағип және саңырау адамдарға арналған бағдармалық қамтамасыз етуге бірқатар шарттар жасағаны анықталды, жалпы сомасы 476 теңден асты.

Бұл арқылы жеткізушіге жалпы сомасы  133 млн теңгеге жуық екенін  мәлімделген техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін арзан аналогтарды сатып алу түрінде залал келтірілген.

Сарапшылардың қорытындысы бойыншы қосалқы техникалық құралдардың сипаттамалары конкурстық құжаттаманың техникалық шарттарында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмеді.

Сонымен қатар, жеткізушіге қатысты банктегі шотқа айырбастау жолмен алынған қаражатты заңдастыру және кәсіпкерлік қызметпен айналысып, 25 млн теңгеден астам пайда табу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сот үкімімен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары кінәлі деп танылып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайыдалды, ал тауар жеткізуші кінәлі деп танылып, оған 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  

Техниканы жеткізушіден мемлекет пайдасына 133 млн теңгеге жуық сомасында азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды.    

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: