Павлодарда мектеп директоры мас күйінде көлік айдаған

16 Қазан 2023, 11:18 935

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотында мас күйінде көлік жүргізген ауыл мектебі директорына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Ер адам өзінің кінәсін жоққа шығарғанына қарамастан, оның жасаған әрекеті  сот-медициналық сараптаманың қорытындысы және полиция қызметкерінің жетонындағы бейнежазбамен дәлелденді. Сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қолданды, - делінген хабарламада.

Іс материалдары бойынша, Павлодар ауданындағы мектептерінің біріндегі директоры масаң күйде рөлге отырғаны белгілі болды. Білім беру бөлімінің хабарлауынша, әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысында оған тәртіптік жаза қабылданды. Құқық бұузшыға қатаң сөгіс беріліп, атқарып жатқан қызметінен босатылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: