Павлодарда мектеп асханасындағы тамақтан құрт шықты

7 Наурыз, 10:14 975

Павлодарда мектеп асханасында берілетін тамақтан құрт шыққан, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Арызданғандар көбейген соң, асхананы жалға алатын 5 кәсіпкер 1 млн теңге шамасында айыппұл төлейтін болды. Жұртшылықтың айтуынша, бұл жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Айыпталған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған.

Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр.

Сонымен қатар, тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілік арқаламақ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: