Павлодарда медицина қызметкерлері марапатталды

15 Маусым, 07:33 632

Павлодар облысында медицина қызметкерлері марапатталып, Естай атындағы мәдениет сарайында ең     ек ардагерлері мен құрметті қонақтардың қатысуымен салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңір басшысы облыстың медициналық қоғамдастығын кәсіби мерекелерімен құттықтап, істеріне деген адалдықтары үшін алғысын білдірді.

Үлкен жүректілікті және физикалық күш-жігерді, білім мен тәжірибені талап ететін сіздердің мамандықтарыңыз жоғары құрметке лайық. Көптеген ғасырлар бұрын Гиппократ емдеуге деген махаббатты - адамзатқа деген махаббат деп дұрыс атады. Сіздерге адамның ең басты құндылығы - өмірі мен денсаулығы сеніп тапсырылады. Ал, біз сіздер үшін лайықты жағдай жасауды жалғастыратын боламыз, - деді аймақ басшысы

Биыл 17 нысанды күрделі жөндеуге, 400 бірлік медициналық жабдықты жаңартуға шамамен 16 млрд. теңге бөлінді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында облыс аудандарында 30 медициналық нысан салынуда. Шалғайдағы ауылдардың санитарлық көліктері жоспарлы түрде жаңартылуда.

Қыркүйек айында облыстық перинаталдық орталық базасында болашақ аналарды заманауи әдістерімен скринингтен және диагностикадан өткізетін алғашқы «Бір күндік клиника» ашылады. Павлодар медициналық колледжінің жатақханасын ауқымды реконструкциялау 112 студент пен 77 жас маманның тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Облыс алдына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен дәрігерлер Айман Оспанова мен Алмагүл Ахметжанова марапатталды

Бірқатар медицина қызметкерлері Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Медицина қызметкерлерінің жоғары шеберлігіне құрмет көрсету ретінде 2012 жылдан бастап арнайы номинациялар тағайындалды.
«Павлодар облысының алтын скальпелі» атағына №3 қалалық аурухананың хирургі Нұрлан Ахметов, «Павлодар облысының алтын фонендоскопы» атағына 1-ші қалалық аурухананың нефрологиялық бөлімінің меңгерушісі Жумаби Каримова, «Павлодар облысының өмір сыйлайтын алтын қолдары» номинациясына Павлодар облыстық балалар ауруханасының №4 бөлімшесінің меңгерушісі Алла Веселовская ие болды.

Зарина Арман
Бөлісу: