17.06.2024
04:28
938
Павлодарда көпір жанында жас жігіт суға батып кетті

Павлодарда көпір жанында жас жігіт суға батып кетті

Марқұм шомылуға рұқсат етілмеген жерге суға түскен еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамырда 15:15-те дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына Усолка шағын ауданында көпір маңайында 2004 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Ол шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түсті. Сүңгуірлер 16:10-да оның денесін судан шығарды.

ТЖД Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарын суға түскен кезде ережелерді сақтауды сұрайды.