Павлодарда көп қабатты үйдегі өрттен бір бала түтінге уланды

6 Маусым 2023, 15:00 733

Балаға үйдің қасында дәрігер көмек көрсетіп, анасына тапсырды. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, 6 маусым күні сағат 09:15-те Павлодар қаласы, Шөкин көшесі 150/2 мекенжайындағы үйде пәтерден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Келген соң өрт сөндірушілер үш аяқты баспалдақпен пәтердің терезесіне көтерілді. Үш бөлмелі пәтердің балалар бөлмесінде жалпы алаңы 2 шаршы метрді құрайтын үй заттары мен жиһаздар жанып жатқаны анықталды, - деді департаментте.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 10 адам өздері эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала бар.

2015 жылы туған бала жанған заттардан жеңіл дәрежеде уланған. Апаттар медицинасы орталығы бригадасы келген кезде зардап шегуші үйдің кіреберісінің жанында болған. Орталықтың дәрігері Серік Түсіпов оны көлікке отырғызып, қажетті көмек көрсетті. Жағдайы қанағаттанарлық болған соң дәрігерлер баланы анасына тапсырды, - деді департаментте.

Өрттің шығу себептері мен шығыны анықталуда. Оқиға орнына ТЖД-дан 17 қызметкер, 5 бірлік мамандандырылған көлік, АМО жұмылдырылды. 

EL.KZ
Бөлісу: