Павлодар облысының тұрғыны жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар ауданының патрульдік қызметінің қызметкерлері Мичурин ауылын патрульдеу кезінде Volkswagen Golf автомашинасын тоқтатқан. 36 жастағы автокөлік жүргізушісі көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған. Полиция қызметкерлері тұрғынның автокөлігін айып тұраққа қойған.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді, онда сот қаулысы бойынша заң бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.