Павлодарда кәмелет жасқа толмаған қызын зорлаған әке сотталды

24 Шілде, 05:41 651

Қылмыстық іс Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған жәбірленушіге қатысты өгей әкесінің зорлау фактісін жасау бойынша қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Істің мән-жайын заңмен жария ету мүмкін болмағандықтан, іс жабық сот отырысында қаралды. Өгей әке өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды сұрады.

Аса ауыр қылмыс жасаудың мән-жайын ескере отырып, ер адамды 18 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, – деді облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, айыпталушы өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, былтыр 21 қараша күні Павлодар облысында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен кәмелетке толмаған оқушының жүктілігі туралы ақпарат таралған болатын. Өңір аудандарының бірінде мектеп директоры мен сынып жетекшісі сегізінші сыныпта оқитын қыз баланың іші шығып қалғанын байқаған. Олар оның анасымен бірге ауруханаға барып, жағдайды білген.

Облыстық полиция департаменті ҚР ҚҚ-нің 120-бабы 4-бөлігі (Зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдікті – өгей әкесін ұстап, қамауға алған болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: