Павлодарда ер адам өзін өртеп жіберді

25 Сәуір 2023, 18:30 794

Павлодарда 29 жастағы мас ер адам өзін-өзі өртеп жіберді, деп хабарлады Еl.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде 2 тұрғынның үстеріне бензин құйып, өздерін өртегені туралы видео тарады. Автор полиция қызметкерлері оларға қысым көрсеткендіктен осындай қадамға мәжбүр болды деп түсіндіреді. Оларға 800 мың теңге көлемінде ақша бопсалады деген айып тағылған. Павлодар облысының ПД бопсалау фактісі болғанын растады.

24 сәуірде түнгі сағат 00:05-те қаладағы Малайсары батыр және Кіші айналма жол көшелерінің қиылысында 29 жастағы мас ер адам өзін өртеп, қол жұмсамақ болды. Салдарынан күйік шалған ер адам ауруханаға жатқызылды. Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп жазылған хабарламада.

Облыстық жедел жәрдем станциясы ер адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады.

23 сәуірде сағат 23:08-де Кіші айналма жолында 29 жастағы ер адам үстіне бензин шашып, өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабарлама түсті. Жедел жәрдем қызметі оқиға орнына 9 минутта жетті. Оның басы, қолы, аяғы, мойынын әртүрлі дәрежеде күйік шалған, - деп жазылған хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқастың №1 қалалық ауруханаға жатқызылғанын атап өтті.  

Оның жағдайы өте ауыр. Денесінің 65%-ын күйік шалған. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, реанимация бөлімінде жатыр, – деп жазылған хабарламада.

Равиль Ашығали
Бөлісу: