Павлодарда екі көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

31 Тамыз 2022, 12:23 1404

Полиция қызметкерлері сараптама тағайындалғанын және автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қамауға алынғанын атап өтті

Павлодарда екі көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

29 тамызда сағат 22.00-де Павлодар қаласының Торговая-Центральная көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Lada автокөлігімен соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Lada автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция қызметкерлері сараптама тағайындалғанын және автокөліктер арнайы айыппұл тұрағына қамауға алынғанын атап өтті. Тексеру жүргізіледі.

Айта кетейік, биылғы жылы облыс аумағында 263 жол апаты болып, 44 адам қаза тапты, 403 адам жарақат алды.

Бөлісу: