Павлодарда еңбек ардагерлеріне қошамет көрсетілді

6 Қазан 2018, 11:02 1896

Павлодар қаласындағы Достық үйінде Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Бағдарлама мемлекеттік мекемелердің құрметті еңбек ардагерлеріне арналды. Мереке барысында кәріс этномәдени бірлестігінің хореографиялық ансамбльдері, «Самұрық» би ансамбілі, Достық үйінің квартеті, сондай-ақ танымал әншілер қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

«Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отыра, зор денсаулық тілеймін. Тәжірибелеріңіз бен білімдеріңізбен бөлісіп, қаланың және облыстың қоғамдық өміріне белсенді қатысқандарыңыз үшін мың алғысымды білдіреміз сіздерге», -  деді өз сөзінде Павлодар облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы А. Сатыбаев.

Мереке барысында ардагерлерге арналған музыкалық сыйлықтар, ізгі тілектер мен құттықтаулар арналды.

Бөлісу: