Павлодарда дауылдың кесірінен ауылдар жарықсыз қалды. Әкім жағдайды түсіндірді

27 Қараша 2023, 15:25 2555

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өңірде соққан дауылдың салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 қарашаға қараған түні облыста болған дауылдың салдарына түсінік берейін. Желдің күші секундына 37 метрге жетті. Салдарынан 3 қала мен 6 ауданда 83 әлеуметтік нысан, 63 көппәтерлі тұрғын үй, сондай-ақ 84 жеке үйге зақым келді. Осыдан соң жергілікті сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ әкім өңірдің экологиялық жағдайының ушығып тұрғанын айтты. Осы жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 2,6% пайызға немесе 13,2 мың тоннаға азайды.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: