Павлодарда дауылдың кесірінен 76 нысан бүлінді

10 Қараша, 04:36 358

Дүлей дауылдың кесірінен Павлодар облысында 70 тен астам ғимарат бүлінді. Оның ішінде 14-і әлеуметтік нысан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Бірнеше елдімекенде жарық өшіп, электр желілері зақымданған. Қазір өңір бойынша 15 бригада тәулік бойы жұмыс істеп, бүлінген аумақтарды қалпына келтіріп жатыр. Әзірге шығын көлемі анықталған жоқ. Ондаған көлік зақымданды, қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету бірнеше сағатқа тоқтаған болатын.

Қатты желден ағаш құлап, бір адам қайтыс болды. Бүгін желдің екпіні басылды. Дегенмен, мектеп оқушылары мен колледждің 1-2-курс студенттері сабақты онлайн оқыды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: