25.11.2022
09:08
1234
Павлодарда бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

Павлодарда бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

Желтоқсан айында Павлодарда бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Ел біріншілігі 2-9 желтоқсан аралығында өтеді.

Турнир қорытындысы бойынша жаттықтырушылар штабы Қазақстан командасының құрамына түзетулер енгізеді деп күтілуде. Сондай-ақ құрама резерві құрылады.