06.03.2023
01:18
1018
Павлодарда бірнеше үй суық сусыз қалды

Павлодарда бірнеше үй суық сусыз қалды

Павлодарда бірнеше тұрғын үй суық сусыз қалды, деп хабарлайды El.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Павлодар-СуАрнасы» ЖШС таратқан мәліметке сәйкес, Орталық мешіт ауданындағы су құбырында апат болған.

Қазіргі сәтте ақаудың орын алған жері мен бүліну ауқымы анықталып жатыр. Одан кейін құбырды жөндеуге немесе ауыстыруға қанша уақыт кететіні белгілі болады. Жұмыстардың аяқталғандығы туралы қосымша хабарлаймыз, - делінген компания таратқан ақпаратта.

Қайырбаев және Назарбаев көшелеріндегі бірнеше көпқабатты тұрғын үйлерге суық су беру тоқтатылды.

Тұрғындарға ауызсу тасымалданып жеткізілді.