Павлодардағы көшелердің бірінде көлікке оқ атылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода әлдекімдердің көшедегі көлікке оқ жаудырғанын көруге болады.
Павлодарда көліктерге оқ жаудырылып жатыр, арыз жазылды, барлығы тіркелді, - деп жазылған видеоның сипаттамасында.
Осыған байланысты Павлодар облыстық Полиция департаменті болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Аталған дерек Павлодардың Солтүстік полиция басқармасының жедел-іздестіру бөлімінде тіркеліп, белгісіз адам автокөлікке пневматикалық қарудан оқ атқаны анықталды, - деді ведомство өкілдері.