Павлодарда балықты заңсыз өндіргендер анықталды

5 Желтоқсан, 20:48 390

Павлодар облысының прокуратурасы «Artemia salina» шаян тәрізділерді өңдейтін астыртын цехты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақсу қаласының дала аймағында адамдар тобы рұқсат құжаттарынсыз өндірілген «Артемияны» тазалаумен айналысқаны анықталды.

Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Мөлшері 25 тоннадан асатын 500 қап өнім тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Табиғи ресурстарды заңсыз өндірудің алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: