Павлодарда ақпараттық саясатты жүргізуде бағаны негізсіз қымбаттатқан лауазым иелері жазаланды

8 Қазан, 23:15 438

Павлодар облысында БАҚ беттерінде ақпараттық саясатты жүргізуде бағаны негізсіз көтерген лауазым иелері жазаға тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің базалық бағаларын бекіткен. Ақпараттық материалды газетке орналастыру бағасы (1 шаршы см үшін) 400 теңгені, интернет-ресурстарда орналастыру үшін (1 таңба үшін) 38 теңгені, теледидарда бір минут ішінде 39 500 теңге мөлшерін құрайды.

Алайда Павлодар облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы аталған қызметтерді негізсіз жоғары бағамен сатып алып отырған. Мысалы, газеттерде орналастырған үшін құны 3,5 есе (бағасы 1447 теңге), интернет-ресурстарда 7 есе (270 теңге), теледидарда 16 есе (633 862 теңге) қымбаттатылған. Мұндай фактіні прокурорлар анықтаған.

Прокурорлық ден қою шараларымен БАҚ қызметтерінің базалық бағасы қайта қаралды, бюджет қаражаты 180 млн теңгеге үнемделді. Лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жазаға тартылды,-делінген ведомство хабарламасында.

Зарина Арман
Бөлісу: