Павлодарда әкелер форумы өтті

1 Ақпан 2023, 06:02 1348

Іс-шара отбасында әке тәрбиесінің маңыздылығын әспеттеуді мақсат еткені белгілі болды

Павлодар облысында әкелер форумы өтті, деп хабарлайды El.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Форумды Павлодар ауданы, Жаңа қала білім беру мектебінің «Бәйтерек»  әкелер ұйымы ұйымдастырған.

Павлодар облысы білім беру басқармасының мәлімдеуінше, форум «Қамқор әке - бақытты балалық шақ» деген атпен өтті.

Іс-шара жеке тұлғаны тәрбиелеуде отбасындағы әке тәрбиесінің маңыздылығы, мектеп пен отбасынның қарым-қатынасын заманға сай жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді, - делінген хабарламада.

Форумда әкелер тақырыбында ой қозғалды.

- Әкенің қыз бала тәрбиесінде алар орны өте маңызды. Қыздың өсіп-жетілуі, болашақ жарымен қарым-қатынасы, отбасылық өмірдегі жетістігі мен өзін-өзі танытуы дәл осы әкенің қызына деген қарым-қатынасына байланысты. Қызына жылы сөйлеп, жақсы істеріне үнемі мақтау айтып отыратын әке қыздың өзін-өзі бағалап, үлкен жетістіктерге жетуіне, дұрыс жолды таңдауына себепкер болады, - деді  Бақытжамал Максилова.


Қатысушылар әкенің отбасы мен қоғамда алатын орнын және оның балаларға беретін тәрбиесін тілге тиек етті. Бүгінгі таңда отбамындағы бала тәрбиесінің басым бөлігі аналарға жүктелгенін айтқан меймандар әке статусын көтеру керектігін айтты.

EL.KZ
Бөлісу: