Павлодарда 52 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісі ұсталды

25 Маусым, 06:26 509

Павлодарда 52 миллион теңгеге жуық қарыз болған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Павлодар қаласындағы Астана – Лермонтов көшелерінің қиылысында Mitsubishi Outlander автокөлігі тоқтатылған.

Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Полицейлер көлікті мамандандырылған айып алаңына орналастырды, ол айыппұл толық төленгенше сол жерде сақталады, — деді ПД өкілі.

Зарина Арман
Бөлісу: