Павлодарда 50 мыңға жуық оқушы Әнұранды шырқайды

14 Қазан 2022, 08:01 1252

Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауға қатысады

Жас өрендер Әнұранды 12-22 қазан аралығында күнделікті шырқайтын болады, деп хабарлайды EL.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қосымша білім беру ұйымдары бұқаралық іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Балаларды жұмыспен қамту және дарындылығын дамыту орталығы «Қазақстандықтар – болашағы біртұтас Ұлт» қалалық пікір-сайыс турнирін, балалар көркемсурет мектебінің оқушылары «Менің Қазақстаным» көрмесін және «Жігер» балалар мен жасөспірімдер клубы жаппай жеңіл атлетика жарысын ұйымдастырмақ.
Ел бірлігі мақсатында 12-22 қазан аралығында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 47 мыңнан астам оқушысы күн сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындауға қатысады, - деді басқармада.
Сонымен қатар, 1-11-сыныптардың 40 мыңнан астам оқушысы Е.Серікбаевтың әні мен А.Жаппарқұловтың сөзіне жазылған «Жаса, Қазақстан!» әнін орындауға арналған челленджге қатысады. «Бүгінгі ұрпақ - ертеңгі болашақ!» ұранымен мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді білуге арналған зияткерлік сайыстар ендігі кезекте басталып кетті.

Айта кетейік, Республика күні елімізде араға 13 жыл салып, қайта тойланатын болады.
EL.KZ
Бөлісу: