19.07.2024
20:37
1322
Павлодарда 5 жасар қыздың аяғы әткеншекке қысылып қалды

Павлодарда 5 жасар қыздың аяғы әткеншекке қысылып қалды

Павлодар қаласында балалар алаңында ойнап жүрген 5 жасар қыздың аяғы әткеншекке қысылып қалды. Бүлдіршінге құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ойын алаңына келген төтеншеліктер дереу аспалы құралдың көмегімен балақайды шығарып алды. Кішкентай қыз зардап шекпеді. Оған медициналық көмек қажет болмаған.