07.06.2024
15:00
2695
Павлодарда 15 жастағы қыз үш күннен бері табылмай жатыр

Павлодарда 15 жастағы қыз үш күннен бері табылмай жатыр

Павлодарда 15 жастағы жасөспірім жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Қыздың хабарсыз кеткеніне үш күн өткен. «VITA» іздестіру жасағының еріктілері 15 жастағы павлодарлықты іздеп жатыр.

4 мамыр күні Аяулым Нығмет Павлодар ауданының Набережное ауылындағы Абай көшесі, 4 мекенжайдағы үйінен белгісіз бағытта шығып, оралмаған. 

Қыздың бойы - 160 сантиметр, арықша келген, шашы, көзі қара түсті. Қара түсті спорттық костюм, жилет және ақ аяқ киім киген.

Көрген-білген жандар болса, полицияға хабарласуын сұрайды.