30.11.2025
13:45
421
Павлодар тұрғыны ұялы телефонды изоляторға ерекше тәсілмен өткізбек болған

Павлодар тұрғыны ұялы телефонды изоляторға ерекше тәсілмен өткізбек болған

№63 түзеу мекемесінің қызметкерлері тергеу изоляторына ұялы телефонды заңсыз өткізудің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

2005 жылғы азамат изоляторда тергеліп жатқан танысына азық-түлік әкелген. Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру барысында арасына салынған қысқы аяқ киімді көреді. 

Егжей-тегжейлі тексеру кезінде аяқ киімнің ұлтарағы астына мұқият жасырылған ұялы телефон табылды. Аталған зат тәркіленді. Сәлемдемені әкелген азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұушылық туралы кодексінің 481-бабы («Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру») бойынша хаттама толтырылды, - деп хабарлады өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Департамент мамандары тыйым салынған заттарды тергеуде отырғандар мен сотталғандарға заңсыз беру әрекеттері әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салады.