Павлодар тұрғыны мен әкімдік жер үшін соттасты

14 Сәуір 2023, 12:44 758

Павлодар облысында ер адам аудан әкімдерінің бірінен бағбаншылық үшін жер учаскесін беруді сұраған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық соты аудандық баспасөз қызметінің мәліметінше, әкім жер учаскесіне жеке меншік құқығын беруден бас тартқан.

Талаптың көшірмесі алдын ала тыңдауда меморандум бойынша әкімдік жанында құрылған татуластыру комиссиясына жіберілген. 

Жергілікті атқарушы орган татуластыру рәсімі барысында талапкердің талаптарын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.

– Сот медиативтік келісімді бекітті. Сол бойынша талапкер жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішпен жер комиссиясына қайта жүгінеді. Ал әкім белгіленген  жағдайларды ескере отырып,  бұл  өтінішті осы мәселені қарауға тиіс жер комиссиясының отырысына қайта шығаруға міндеттенді, – деді баспасөз қызметінде.

Осылайша, сот дауы медиативтік келісім жасасумен аяқталды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: