Павлодар тұрғыны әкесінің өлімі үшін 5 млн өтемақы өндіріп алды

20 Тамыз, 17:52 393

Павлодарда дәрігерлердің салғырттығынан ер адам қайтыс болып, оның қызы медициналық мекемелерден өтемақы өндіру туралы талап-арызбен сотқа жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың 16 ақпанында «жедел жәрдем» 56 жастағы ер адамды Павлодардағы №3 қалалық ауруханасына жеткізген, бірақ оны ауруханаға жатқызудан бас тартқан. 

Павлодар қалалық сотының дерегіне сенсек, ол 17 ақпан мен 4 наурыз аралығында Павлодардың емдеу мекемелеріне – «Алмаз медициналық тобына», облыстық ауруханаға, емханаға және №1 қалалық ауруханаға бірнеше рет хабарласқан. Олар алдымен «бронхит», содан кейін «жедел панкреатит, холециститпен бірге өт жолдарының тастары» диагнозын қойған.

Медициналық мекемелердің көрсеткен қызметі еш нәтиже бермей, науқас 12 наурызда қайтыс болған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары істі медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау оқиғасының және құқықбұзушылық іс-әрекеттің болмауына байланысты тоқтатқан.

Қайтыс болған адамның қызы Павлодар қалалық сотына әкесінің өліміне және оның азап шегуіне әкеліп соққан сапасыз медициналық көмекке байланысты қаланың емдеу мекемелерінен моральдық шығынды өтеу үшін 10 миллион теңге өндіру туралы талап қоюмен жүгінген. Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартқан.

Сапасыз медициналық көмек көрсету фактісі дәрігерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартумен және сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен расталды. Жалпы,медицина қызметкерлері науқастың ауруының ауырлығын жете бағаламай, оны жансақтау бөліміне кеш ауыстырған, бұл оның жағдайын нашарлатқан. Апелляция науқастың денсаулығының нашарлауы медициналық көмекті дұрыс көрсетпеу салдарынан болғанын, сондай-ақ қажетті диагностикалық және емдік шаралар жүргізілмегенін, тиісті күтім жасалмағанын ескерді, – делінген сот хабарламасында.

Аталған жағдай науқастың өзін және туыстарын айтарлықтай зардап шектіргені сотта дәлелденді. Өз кезегінде дәрігерлер кінәсіздігін растайтын сенімді дәлелдемелерді ұсынбаған.

Белгіленген мән-жайлардың жиынтығын, негізділік пен әділдік өлшемшарттарын ескере отырып, талап қою ішінара қанағаттандырылды: медициналық мекемелерден 5 млн теңге өндірілді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: