Павлодар түбіндегі жол апаты: ІІМ көлік тізгінінде полиция бастығы болғанын растады

5 Тамыз, 17:04 749

Павлодар - Семей тасжолында жол апаты болып, бір адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ жол талғамайтын көлік тізгінінде жоғары лауазымды полиция офицері болғанын растады.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Ол құрықталды. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша ІІМ бұйрығымен қызметкер теріс себептермен жұмыстан босатылды. Бұған дейін ол үкіметтік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы қызметін атқарған, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, шілденің аяғында Павлодар - Семей тасжолында жол талғамайтын көліктің мас жүргізушісі апатқа ұшырап, 71 жастағы ер адам қаза тауып, тағы екі адам, оның ішінде 12 жастағы бала зардап шеккен. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: