Павлодар облыстық ТЖД күштері мен құралдар колоннасы Солтүстік Қазақстан облысына көмекке аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылар аталған өңірде су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізетін болады.
Құтқарушылар өңірдің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қажетті көмек көрсететін болады. Еріген суды сорып, траншеялар қазып, қаптарды дайындап және бөгеттерді нығайтады. Жағдай қиындаған кезде павлодарлық құтқарушылар су басқан елді мекендерден халықты жедел құтқаруға және эвакуациялауға дайын,-деп мәлімдеді облыстық ТЖД.
Көршілес аймаққа қажетті құтқару жабдықтары мен жүзу құралдарын құраған 10 техника, барлығы 53 адам аттанды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram