Павлодар облысының шекарасы өзгерді

28 Шілде 2023, 16:48 842

Курчатов қаласы Абай облысына берілді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының шекаралары өзгертіліп, Абай облысының шекаралары белгіленді. Құжатқа ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды. Ресми түрде Павлодар облысының аумағына кірген Курчатов қаласы Абай облысына берілді. Курчатов қаласының жалпы аумағы 11 мың гектарды құрайды. 

Тарихи тұрғыдан алғанда, 1997 жылы Семей облысы таратылған кезде Курчатов Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігінің бағынышына берілген, алайда заңнаманың талаптарына сәйкес тиісті құжаттаманы жүргізбеу салдарынан ол Павлодар облысының жерлерінде аумақтық түрде қалды, – деп хабарлады Абай облысының әкімдігінде.

Равиль Ашығали
Бөлісу: