Павлодар облысының тұрғыны ағасының үстінен шағым түсірді

16 Қыркүйек 2022, 13:28 1291

Сот шешімі бойынша құқық бұзушыға 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды

Павлодар облысының тұрғыны ағасының үстінен шағым түсірді, – деп хабаралайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Павлодар облысы Шалдай ауылының 39 жастағы тұрғыны мас күйде ағасымен жанжалдасып қалған.

 – Бауырын тыныштандыра алмаған ер адам полиция шақыруға мәжбүр болған.Учаскелік полиция инспекторы төбелеске қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады, – деп хабарлады Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің бастығы Саян Мұханов. 

Сот отырысында ауыл тұрғыны кінәсін мойындады, бірақ ағасымен татуласпады. Сот шешімі бойынша құқық бұзушыға 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Бөлісу: