08.11.2024
09:16
668
Павлодар облысындағы барлық мектеп пен колледж қашықтан оқиды

Павлодар облысындағы барлық мектеп пен колледж қашықтан оқиды

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Білім басқармасы қолайсыз ауа райына байланысты 8 қараша күні I ауысымдағы 0-9 сынып оқушыларын, колледждің 1-2 курс студенттерін қашықтан оқыту форматына ауыстырды, - деп делінген басқарма мәліметінде.

Естеріңізде болса, 7 қараша күні таңертең ағаш 67 жастағы әйелдің үстіне құлап, ол ауруханада қайтыс болды.