Жедел құтқару жасағының құтқарушылары іздеу шараларын жалғастыруда. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Руслан Леонтьевті іздеу шаралары жалғасуда. Жедел құтқару жасағының құтқарушылары Павлодар ауданы полиция бөлімінің сұрауы бойынша құрылымдық эхолоттың көмегімен Ертіс өзенінің түбін тексеруде, – дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.
VITA еріктілерінің айтуынша, Руслан Леонтьев жоғалып кетпес бұрын соңғы сағаттарын өткізген орын сараптамалар мен телефон пеленгациясы арқылы расталған. Әрі қарай оның қайда жоғалып кеткені белгісіз.
ТЖД құтқарушылары жақын маңдағы барлық аумақты эхолоттың көмегімен қарап шықты, суда көлік те, Русланның өзі де жоқ болып шықты. Оның ішінде бізбен бірге туыстары да күдік тудырған аймақтарды қайықпен аралады, – дейді еріктілер.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері әскери бөліммен және қызметтік иттермен іздеу шараларын өткізген, алайда іздеу шаралары нәтиже бермеді.
Айта кетейік, ер адам Заңғар ауылынан таңертең шығып кеткен, Ямышев ауылына барып, құрал-жабдықтарды алған және басқа қалаға жұмысқа кетуі керек болған. Алайда Кенжекөл ауылына көлікпен кіргеннен кейін хабарсыз кеткен және діттеген жеріне жетпеген. Сағат 12:30-12:50 шамасында өзінің үлкен күнә жасағысы келетіні, әрі қарай өмір сүргісі келмейтіні және кешірім сұрайтыны жайлы бірнеше бейнежазба түсірген.
Кейін анасына хабарласып, сөйлескен. Артынан досы қоңырау шалғанда тұтқаны көтермеген.