Олар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Павлодарда 14:00-де Ломов-Катаев көшелерінің қиылысында Lada мен Lada Granta маркалы жеңіл автокөліктер соқтығысты. Жол апаты салдарынан екі қыз бала зардап шекті. Полиция бұл факт бойынша тексеру жүргізеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 14 және 9 жасар қыз балалар ауруханаға жеткізілген.
Оқи отырыңыз:
14 жасар қызға оң жақ жамбас сүйегінің сынуы диагнозы қойылды, ал тоғыз жастағы қыз балаға мидың жабық жарақаты мен шайқалуы, сол жақ шынтағы көгеру диагноздары қойылды, – деді басқармада.