10.10.2022
15:15
1113
Павлодар облысында екі балықшының мәйіті табылды

Павлодар облысында екі балықшының мәйіті табылды

Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

"10 қазан күні сағат 14.00 шамасында іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қутаяқсор көлінде 8 қазанда хабар-ошарсыз кеткен екі балықшының денесі табылды. Жергілікті жерде полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеуде. Мәйіттер бойынша сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдаймыз", - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 8 қазанда Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны жүгініп, оның 69 жастағы жұбайын іздеуде көмек көрсетуді сұрады. Оның айтуынша, 5 қазанда сағат 12.30 шамасында ер адам УАЗ көлігін басқарып, танысымен бірге балық аулауға кеткен.