Павлодар облысының Ақтоғай ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, әйелдің денесін қатты күйік шалды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5 желтоқсан күні сағат 13.12-де Ақтоғай аудандық өрт сөндіру бөліміне Ақтоғай ауылы Марденов көшесі, 46 мекенжайында орналасқан төрт бөлмелі жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылғаны туралы хабарлама түсті.