Павлодар облысында жасөспірім мектепке бұрыш спрейін шашқан

16 Ақпан 2023, 13:36 1330

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

16 ақпан Ақсу қаласының полициясына Қалқаман кентінің мектебінде, санитарлық бөлмеде белгісіз біреудің бұрыш спрейін шашқаны туралы шақыру түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Мектеп ғимаратынан 310 адам, оның ішінде 291 оқушы эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.

Бейнебақылау камераларын тексеру нәтижесінде осы мектептің 9-сынып оқушысы анықталды.

Осы факт бойынша кәмелетке толмағанның заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал қолданыстағы заңнама шеңберінде шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.

EL.KZ
Бөлісу: