Павлодар облысының құтқарушылары көмекке жүгінген туристі таудан аман түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиға өңірідң Баянауыл ауданында болған.
Жедел-құтқару жасағының күшімен биіктігі 600 метрге жуық таудан 1999 жылы туған ер адам құтқарылды. Ол күндіз тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмаған, - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Кейін туристі тексеру барысында оған медициналық көмек кажет болмаған.