23.02.2023
19:27
1472
Павлодар облысында полиция қызметкері өз үйінде асылып қалды

Павлодар облысында полиция қызметкері өз үйінде асылып қалды

Ер адамның мәйіті мал қорасынан табылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, таңғы сағат 06:35-те М.Омаров атындағы ауылда учаскелік полиция инспекторының асылған мәйіті сарайдың ішінен табылған.

Марқұмның әйелі үйде жанжал жиі болатынын айтқан.

– Аталған факті бойынша ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.