Павлодар облысында полицейлер суға батып бара жатқан әйелді құтқарды

19 Сәуір, 19:04 644

Павлодар облысында тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Жамбыл ауылында жанжал болғандығы туралы полиция бөліміне хабарлама түскен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларына балалар анасының Ертіс өзеніне кеткенін айтқан.

Өзенге бет алған полицейлер суға батып бара жатқан әйелді байқаған.

Полиция капитаны Елдос Қойкен дереу суға секіріп, оны құтқарды. Ауыл тұрғыны мас күйде болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: