30.05.2023
15:48
937
Павлодар облысында көлік апатынан екі адам көз жұмды

Павлодар облысында көлік апатынан екі адам көз жұмды

Көліктер автотұраққа қойылды. Бұл туралы Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып Еl.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодар облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ленин - Курчатов тас жолындағы Еңбек ауылының маңында Lexus RX-330 көлігі қарсы келе жатқан КамАЗ-5410 көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Lexus RX-330 қарсы жолақ арқылы шұңқырға аударылып кеткен.

–  Lexus көлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен 36 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп департаментте.