Павлодар облысында екі оқушы суға кетіп қайтыс болды

6 Шілде 2023, 18:52 1212

Павлодар облысында екі жасөспірім суға кетіп, қайтыс болды. Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше тіркелген. 5 шілдеде Бәйет ауылында 6 және 7-сыныптың екі оқушысы сағат 18.00-де үйден каналға кетіп, сол күйі оралмаған. 

Суға түсу кезінде жақын маңда ата-аналары мен басқа ересектер болмаған. Балалардың заттары жағадан табылды. Құтқарушылардың күшімен денелері судан шығарылды, - деді департамент мамандары. 

Облыста жазғы шомылу маусымы басталғалы бері үш адам суда кетіп қайтыс болған. Бұл ретте төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң ескертіп отыр. 

Асқар Таудай
Бөлісу: