16.07.2023
18:22
1161
Павлодар облысында дала өрті кезінде жиырмаға жуық ұсақ мал жанып кетті

Павлодар облысында дала өрті кезінде жиырмаға жуық ұсақ мал жанып кетті

Екібастұзда дала өрті кезінде жеке шаруа қожалығының ұсақ малдары тірідей жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі  Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, екі күн ішінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Екібастұз гарнизоны өртті сөндіруге 10 рет шақырту алған.

13 шілде күні сағат 9:25-те Марғұлан ауылы маңында құрғақ шөптің жанып жатқаны хабарланған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметтері, ерікті өрт сөндіру бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар аттанып, өрт 14 шілде күні сағат 07:35-те толығымен сөндірілді. 

- 14 шілдеде жүргізілген тексеру барысында далада болған өрт салдарынан Марғұлан ауылындағы «Қуаныш» шаруа қожалығының ұсақ малдары жартылай жанып, көптеген қойлар күйіп кеткені анықталды, - деп жазылған ақпаратта. 

Дала өрті кезінде жиырмаға жуық ұсақ мал қырылған.