Павлодар облысында 2,1 миллиард теңгенің жері мемлекет меншігіне қайтарылды

10 Сәуір, 10:11 2186

Павлодар облысында негізсіз ұзақ мерзімге жалға алынған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Тереңкөл ауданының прокуратурасы «Вильгельм» ШҚ 20 жыл мерзімге 1 552 гектар жайылымды негізсіз беру дерегін анықтаған. Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жерді жалдау шартын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді. Облыстың МАЭС шешімі бойынша, департаменттің талап қоюдан бас тартылды.

Бұл ретте сот учаскені беру мүмкін емес екенін назарға алған жоқ, өйткені ол елді мекеннің жерлеріне жатады және жергілікті халықтың малын жаюға арналған.

Павлодар облысы прокуратурасының апелляциялық өтінішхаты бойынша сот шешімі өзгертілді, талап қанағаттандырылды, құны 2,1 миллиард теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: