Павел Дуров Францияда ұсталды, енді ол 20 жылға сотталуы мүмкін

25 Тамыз, 11:41 613

Telegram басшысы Павел Дуров Франция әуежайында ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы және басшысы Павел Дуровты француз полициясы «Ле Бурже» әуежайында оның жеке ұшағы қонған бойда ұстады.

Францияның LCI және TF1 телеарналарының мәліметінше, Дуров жергілікті қарулы күштермен бірігіп жұмыс істеуден бас тартқандықтан, оған заңсыз есірткі айналымы, терроризм және заңсыз трансляциялардың таралуына үлес қосты деген айып тағылып отыр.

Кәсіпкер қамауға алынып, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: