Өткен жылы елімізде пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың көлемі 2 есе артқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2023 жылы елімізде пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың көлемі 237 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Бұл емделуі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражаты есебінен жүзеге асырылатын аурулардың тізбесін 2,5 есе кеңейтуге мүмкіндік берген. Жазып берілетін дәрілік заттар атауларының саны 272-ден 347-ге дейін артты.
Оқи отырыңыз:
Елдегі медициналық ұйымдардың базасында препараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 72 дәріхана пункті мен ауылды жерлерде 161 жеке дәріхана ашылған. 20 медициналық ұйымда таңбалау енгізіліп, дәрілік заттарды пациентке дейін қадағалаудың толық циклі іске қосылды.
Қазақстанда бүгінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар шығаратын 15 жаңа кәсіпорын ашылды. Фармацевтика секторында 159 отандық тауар өндіруші жұмыс істейді. Олар 1018 дәрілік заттың және 1771 медициналық бұйымның түрлерін шығарады. Бұдан басқа денсаулық сақтау мен ветеринарияға арналған 10 вакцина, 24 медициналық бұйым, 6 диагностикалық құрал және 1 паразитке қарсы препарат өндірісі жолға қойылған.
Фармацевтика саласына тартылған инвестициялар көлемі өткен жылы шамамен 50,2 млн АҚШ долларын құраған..
Ал биыл «Электрондық қаржы орталығы» АҚ платформасында медициналық ұйымдарды сатып алудың электрондық форматына көшіруді жоспарланып отыр.