Әлеуметтік желіде Нұрлан имам деп танылған Ырыскелді қажы атындағы мешіттің имамы Нұрлан Байжігітұлы ер азаматтарға кеңес айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Имам әйелге қол көтеруге ұмтылмай, оның әңгімесін тыңдап, сонан соң құшақтай салсаң, үйдің берекесі болады дегенді алға тартты.
Әйел көршісін, енесін, анасын айтады. Соған шыдау керек. Бақырып жатқан кезде бетіне қарап тұра бер. «Жап аузыңды» деп қол көтерме. «Әлемнің жарығын» деп ән шырқап жатыр деп ойла, айтып болған соң «жаным» деп құшақтай сал, сонымен мәселе бітеді. Пайғамбардың әйелі де бақырған. Әйелдің табиғаты сол, ол – бақырушы. Анда-санда көңіл бөліп тұрсаңыздар, әңгіме сыртқа шықпайды, - дейді ол.
Нұрлан Байжігітұлының сөзінше, өзін хан секілді сезінгісі келетін ер адам әйеліне ханшайым ретінде қарауы керек.
Кей кезде төркініне барғысы келеді. Сол кезде қырылыспай, төбелеспей жіберу керек. Біздікілерде төркінге жіберер күні қырғын болады. Інісінің туған күніне жібергісі келмей жатады. Мені жамандап қояды деп қорқамыз, бұрын мен де қорқатынмын. Олар онсыз да бәрін біледі. Ол қайта барып сені мақтайды. Жаңадан алып берген көйлегін көрсетіп келеді, болды. Патша болғың келе ме, онда әйеліңе патшайымдай қара, - деп ақыл айтты имам.
Посмотреть эту публикацию в Instagram