Патрульдік қызметкерлер енді жүргізушінің жеке деректерін тексере алмайды

Патрульдік қызметкерлер енді жүргізушінің жеке деректерін тексере алмайды

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай реестрін полиция планшеттерімен интеграциялау тәртібінде өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті азаматтарды реестр арқылы тексеру мүмкіндігін шектеді. Енді планшетке ЖСН енгізілген соң ақпарат автоматты түрде базаға жазылады және оны кейін өшіру мүмкін болмайды. Патрульдік инспектор тек өз тексерген адамға хаттама толтыра алады.

Комитеттің мәліметінше, бұл өзгеріс жүргізушілерден түскен шағымдарды ескере отырып жасалған, себебі бұрын полицейлер реестр арқылы жеке деректерге жұмыс орны, мекенжай, телефон нөміріне қол жеткізе алған. Енді Әкімшілік іс жүргізу реестеріне тек жол ережесін бұзған жағдайда хаттама толтыру және айыппұл салу үшін ғана кіруге рұқсат бар. Қызметкерлердің жеке деректермен басқа әрекеттер жасауына тыйым салынған.

Қазақстанда жол полициясы планшеттерді 2017 жылдан бастап қолдана бастады.