Патрульдік полиция инспекторлары пара алды деген күдікке ілінді

29 Маусым 2023, 09:12 1349

Алматы облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша патрульдік полицияның 7 қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған.

Сонымен қатар инспекторлар жолдарда іс жүзінде құқық бұзушылық жасамаған азаматтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары сотқа жолданды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

EL.KZ
Бөлісу: